«Бүгінгі наурыз жұма күнге сай келіп тұр. Осы күндері Қазақстан халқының жасаған дұғалары қабыл болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!», - деді ол «ҚазАқпарат» агенттігіне берген сұхбатында.
Бас мүфти Наурыз мейрамы бұл ислами, діни мейрам емес, ұлттық мейрам екендігін де ерекше атап өтті.
«Қандай да бір ұлттық мейрамға біздің дініміз қайшы емес, сондықтан бұл бүкіл түркі, парсы елдерінің ұлттық мерекесі. Сол себепті біздің ата-бабаларымыз тойлап келе жатқан үлкен мейраммен бүкіл қазақ жұртын осы атаулы күнмен құттықтаймын», - деп атап өтті ол.