Гүлмира Бөлекбаеваның құқық қорғау органында қызмет етіп келе жатқанына 17 жыл болды. Бүгінгі таңда Шемонаиха аудандық пробация бөлімін басқаруда. Әріптестерінің алдында беделді, жұмыста өзін тек жақсы қырынан көрсете білген. Үйде аяулы жар, ұлдарына ардақты ана бола білген ол жүгі ауыр жұмысты та бірге алып келеді.
«Тек ер адамдар жұмыс істейтін ортада жүрсемде өзімді жайсыз сезінбеймін. Олардың маған деген көзқарастары жақсы, әрдайым көмектесіп тұрады. Осы саланы таңдауыма кіндік шешем себепкер болды. Ол полиция подполковнигі болған. Мектеп бітірген соң Қостанайдың заң академиясына түсіп, қызыл дипломмен бітірдім. Одан соң жұмысқа орналастым», - дейді Гүлмира Бөлекбаева.
Оның айтуынша, жұмысы мінезінің жаңа қырларын ашуына көмектесті. Қайсар бола білуге, мақсатына жетуге, уақытты тиімді пайдалануды үйреткен.
«Сонымен қатар спортқа деген қызығушылығымды арттырды. УИС-тің құрама командасының мүшесімін. Жақында волейболдан жарысқа барып, 3-ші орын алдық. Қызметтестеріммен үнемі жақын араласып, қандай жағдай болмасын түсіністік танытуға тырысамын. Қиналған сәттерде қолұшын беруге әзірмін. Осы ретте, мені жауапкершілікке, өз ісіме ұқыпты болуға үйреткен ата-анама рахмет айтамын!, - дейді әйел.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шемонаиха аудандық пробация бөлімінде 120 адам бақылауға алынған.