Осы уақытта 500-ге жуық техника елорда көшелерін қардан тазартуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы уақытта елорданы қардан тазартумен 455 техника және 136 жол қызметкері айналысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінің ақпаратына сәйкес, 17 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан көшелерін қардан тазартуға 851 техника мен 1 673 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Арнайы техника 848 рейс жасап, қала сыртына 10 175 текше метр қар шығарды.

Ал желтоқсанның 17-сінен 18-іне қараған түні елорда көшелерін тазалаумен 455 техника және 136 жол қызметкері айналысатын болады.

Жалпы, қыс басталғалы 820 563 текше метр (68 380 рейс) қар шығарылды.