«Осы жерде» және «дәл қазір» қағидасы бойынша медициналық қызметтердің сапасы туралы

None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, еліміздің медициналық ұйымдарында емделіп жатқан азаматтарды қабылдау ұйымдастырып отыр.
ҚазАқпарат бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Оған қоса өңірлердің медициналық ұйымдарында бас дәрігерлердің орынбасарларының жетекшілігімен ішкі аудит қызметтері құрылуда. Бүгінде 888 аурухана мен емхананың базасында осындай қызмет жұмыс істеп жатыр. Азаматтардан түсіп жатқан хаттардың 20 пайызы дер кезінде және сапалы көрсетілген медициналық қызмет үшін білдірілген алғыстар екенін айта кету керек. Мамандардың айтуынша, жүргізіліп жатқан бұл шаралар медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, азаматтардан түсетін арыз-шағымдарда дер кезінде үн қатуға бағытталып отыр.