Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Білім жүйесін ақпараттандыру» атты 5-ші Халықаралық форумда ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
«Қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі 9300 бала денсаулығына байланысты мектепке бара алмай отыр. Осы жылдан бастап мемлекет жыл сайын осындай 3000 баланы қашықтықтан білім алу үшін компьютермен, интернетпен қамтамасыз етеді. Үш жыл ішінде бұл проблема толығымен шешіледі. Осы мақсатқа 5,6 млрд. теңге қарастырылған», - деді министр.
Сонымен қатар ведомство басшысы қазіргі уақытта білім беру ұйымдарының 50 пайызы интерактивті кабинетпен жабдықталғанын айтып өтті. 98% мектеп Интернет желісіне қосылған, оның ішінде 37%-ы кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген.