Осы жылдың 11 ай ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,1 пайызға өсті - Павлодар облысы
11:34, 22 Желтоқсан 2011
ПАВЛОДАР. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында 2011 жылдың қаңтар-қараша айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 896 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,1 пайызға жоғары, деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Сумен жабдықтау және қалдықтардың жиыны мен бөлу өндірісінің көлемі 24 пайызға, тау-кен өндіру өнеркәсібі мен кен шығаратын орындардағы өндіріс көлемі - 8,9 пайызға, электр қуатымен, газбен жабдықтау, бу беру мен ауаны баптау - 6,6 пайызға және өнеркәсіп өндірісі - 1,1 пайызға өскен.
2011 жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығындағы жалпы ішкі өнімнің көлемі 83 млрд. теңгеге өсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға жоғары.
Айта кетейік, қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға инвестициялар 169 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылмен салытарғанда 5,9 пайызға артық.