Осыдан 30 жыл бұрын «Пахтакор» футбол командасы әуе апатында опат болды

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Осыдан 30 жыл бұрын - 1979 жылы тамыздың 11-інде Украинаның Днепродзержинск қаласының аспанында екі ТУ-134 жолаушылар ұшағы соқтығысқан болатын.

  Лайнерлердің бірінің  борында   жоғарғы лиганың футбол  командасы  - Ташкенттің  «Пахтакоры»  болған  еді.  Сол  апатта  барлығы 178 адам қаза тапты.     Сот   екі  авиадиспетчерді де кінәлі   деп тапқан болатын. 

 Қаза болғандардың ішінде    «Пахтакордың»  14  ойыншысы,   команда әкімшісі мен  дәрігері, сондай-ақ   жаттықтырушысы  болды. Олар   Минск  қаласына  жергілікті «Динамомен»   кездесуге  бара жатқан еді.