Осыдан 40 жыл бұрын адамзат алғаш рет Ай бетіне аяқ басты

АСТАНА. Шілденің   20-сы.  ҚазАқпарат -    Осыдан   40 жыл бұрын, 1969 жылы    адам  аяғы алғаш рет Ай бетін басты.  НАСА-ның  «Апполон-11»  кемесінің  үш  астронавттан  тұратын экипажы  КСРО мен АҚШ-тың   ғарыш   додасында   Жердің    серігіне   бірінші  болып жеткен  еді.

Американдықтар  ешқандай зерттеуді мақсат етпегенін,  олардың  сапарларының  мақсаты -  Айдың бетіне қонып,    Жерге аман-есен оралу болған еді,   деп хабарлайды    ҚазАқпарат  «РИА  «Новости» агенттігіне  сілтеме  жасап.

Әрине, астронавттар   Айға қонып,  топырақ     үлгілерін  алды,   Ай бетінде суретке  түсіп,   бірнеше  құралдар орнатты.  Бірақ      олардың      саяхаттарының   басты  идеологиялық  мақсаты - Айдың бетіне Америка жалауын   тігіп,    Жермен   бейнебайланыс өткізу  болған еді.