Осыдан алты жыл бұрын АҚШ Иракқа өз әскерін кіргізді

БАҒДАД. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат – Бүгін америка әскерінің елге кіргізілуінің 6 жылдығын атап өткелі отырған Иракта наразылық шаралары болады деп күтілуде.

Елде қызметіне тыйым салынған «Баас» партиясының жетекшісі Иззат Ибрагим Әл-Даури көтерілісшілерді америка әскерімен күресін жалғастыруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаттық» радиосына сілтеме жасап. Бағдадта соңғы үш күнде болған лаңкестік әрекеттердің салдарынан ең аз дегенде 50 адам қаза болды.