Ота жасалған тасбақаның ішінен мыңға жуық тиын шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аударғанда «банк» немесе «сандық» деген мағынаны білдіретін Осмин атты 60 келілік тасбақаға Чулалонгкон университетінде 7 сағатқа созылған ота жасалды. Ота барысында жануардың  ішінен екі балық аулайтын қармақ пен 5 келіге жуық (11 фунт) тиын табылды. Тиындардың көбісі тот басып үлгерген. Бұл туралы The Huffington Post  Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш университетте жұмыс жасайтын Нантарика Чанчу (Nantarika Chansue) есімді қызметкердің айтуынша, тасбақа жарты жыл бойы физиотерапия алып, отадан кейін толықтай айығады.

Таиландта тасбақаға тиын лақтырса, ұзақ өмір сүреді деген сенім қалыптасқан. Өкінішке орай, ондай дәстүр Остиннің өмірін үштен екіге қысқартты. Орташа алғанда теңіз тасбақалары 80-100 жылға дейін өмір сүреді.