Америкалық сноубордшы ару видеода әуелі өздерінің бөлмесін көрсетіп, онда жайлы тұрып жатқандығын айтады. Кейін өзінің бұл спорт түрімен 3 жасынан бастап айналысқанын, 7 жасынан жарыстарға қатыса бастағанын баяндайды. Спортшы өзінің басынан өткен мына бір оқиғаны да еске алады.
«10 жасымда менде сколиоз дерті барын білдім. 11 жасымда омыртқама ота жасап, дәрігерлер маған бұдан былай сноубордингпен айналысуға болмайтынын айтты. Бірақ мен кейін сноубордпен сырғанаудың ебін тауып, әрі қарай да жарыстарға қатыса бастадым. Бұл спортта биікті бағындырған да, төменге құлаған да сәттерім болды. Сонда да мен бұл спортты сүйем», - дейді Карроган Мэгги.
Сондай-ақ, АҚШ спортшысы кедергілер арқылы жұптасып сырғанаудан алған әсерімен де бөлісті.
«Қар жамылғысы қатты, біз осындай қарды ұнатамыз. Ойық тұстары да сапалы жасалған», деді ол.
Сөз арасында Мэгги Алматыда өздерін жайлы сезінетіндерін, сайысқа сақадай сай болғандарын айтты.