Отан алдындағы жауапкершілігін сезінетін әр қазақстандық сайлауға белсене қатысуы тиіс - Мәжіліс депутаты Б.Ертаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Отан алдындағы жауапкершілігін сезіне білетін, Отан қорғауға дайын қазақстандықтарды, қарулы күштердің ардагерлерін Президенттік сайлауға келуге шақырамын, дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев.

Оның айтуынша, бейбітшілікпен өмір сүріп келе жатқан, экономикасы бүкіл әлемге белгілі еліміз өз қарулы күштерін өзіне сәйкес техникамен жаңалағаны үлкен мақтаныш.

«Біздің ел өз елімен мақтанады, бүкіл сарбаздарымыз мен әскерилеріміздің Отан алдындағы жауапкершілігін сезініп, Отан қорғауға дайын екенін білеміз. Құрметті отандастар, құрметті қазақстандықтар, құрметті қарулы күштердің ардагерлері, барлықтарыңызды Президенттік сайлауға келуге шақырамын», - дейді Мәжіліс депутаты Б.Ертаев.