"Отан" АЖЗҚ"" АҚ-ның Басқарма құрамында өзгерістер болды
13:18, 27 Қыркүйек 2010
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Отан" ашық жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ның Басқарма төрағасы өзгерді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Отан" АЖЗҚ" АҚ-ның Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Әділ Бектасұлы Мұхамеджанов Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ол Қазақтың Тұрар Рысқұлов атындағы экономика университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша тәмамдап, Ұлыбританияның Ноттингем университетінің бакалавриаты болды. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін "ҚазТрансОйл" АҚ-ы мен "Арал Петролеум Кэпитал" ЖШС-де түрлі лауазымдық жұмыстар атқарды. Әділ Бектасұлы бүгінгі таңда сондай-ақ, "Caspian Energy Inc. TSX public co." пен «AsiaCredit Bank» (АзияКредит Банк) АҚ-ның Директорлар кеңесінің де мүшесі саналады.