Отан соғысы мүгедектеріне арналған госпитальде мемлекеттік тіл күніне арналған жиын өтті

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальде мемлекеттік тіл күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Бұл ақпаратты аталған госпитальдің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жиында қазақ тілінің қордаланған мәселелері жан-жақты талқыланып, тілді  дамыту жолдары қарастырылды. Жиыннан кейін госпитальде ем алып жатқандар арасында «Тілге құрмет - Елге құрмет» атты конкурс өткізілді.  Сайысқа қатысушылар ұлттық салт-дәстүрлер, мақал - мәтелдер, ырым - тыйымдары төңірегінде құрылған сұрақтарға жауап беріп, білім жарыстырды. Жиын соңында түрлі ұлт өкілдері қазақ тілінде әндер шырқады.