«Отандастар» қоры Түркиядағы қандастардың бизнесімен танысты

Фото: None
ТҮРКИЯ. ҚазАқпарат - «Отандастар» қорының бизнес және жобаларды акселерациялау бойынша атқарушы директоры Данияр Байғараев бастаған делегация Түркияда тұратын қазақ бизнесмендерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кездесуге «El Tiregi» Қазақстанның шағын және орта бизнесі қауымдастығыныңБасқарма төрағасы Асқар Әубәкіров пен «КАТКА» қазақстан-түрік кәсіпкерлеріқауымдастығының бас хатшысы, «Business& Travel Central Asia» атқарушы директоры Дінмұхаммед Зиятбеков, соныменқатар бизнеске инвестиция тарту және дамыту ісі бойынша шақырылған сарапшыларқатысты. Шара «Отандастар» қорыныңТүркиядағы қандастармен 31 шілде күні ұйымдастырған бизнес форум аясында өтті.Кездесудің басты мақсаты - қазақ бизнесмендердің бизнесін Түркиямен қатарҚазақстан нарығында да дамытуға қажетті қолдауды талқылау», - делінген «Отандастар»қорының ақпаратында.

Қазақстандық делегация аралап көрген отандастар кәсіпорындарының бірі - дастарханшығарумен айналысатын «Акйол» компаниясы. 50 жылдық тарихы бар компания толықавтоматтандырылған. Экспорттық әлеуеті жоғары. Компанияда бүгінде жұмысістейтін 38 адамның басым бөлігі этникалық қазақтар. Компания басшысы Эюп Акйолдыңөзі 20 ғасырда Түркияға қоныстанған қазақтардың ұрпағы екен. Тарихи Отаны, бауырлар жайында тебіренетолғанған ол, өз жинаған тәжірибесі мен білімін осы бизнеспен айналысқысыкелген немесе Қазақстанда филиал ашуға ниеттенген кез келген отандасына беругедайын екенін жеткізді. Акйол мырзаның өзі бизнесін 10 жылдан астам уақыттанбері тарихи Отанда ашуды жоспарлап жүргендіктен, делегацияның келгендігіне жәнеҚазақстанның Түркия азаматтары-этникалық қазақтарға көмектесуге мүдделіекендігіне өте қуанды.

Делегацияның ат басын тіреген келесі жері дастархан, линолиум, шанақбөлшектерін жинақтап, сәндік безендіруді өндірумен және қайта өңдеуменайналысатын компания болды. Компанияны екінші буынды эмигрант, этникалық қазақ ИфранСевенчан басқарады. Өндіріс соңғы өнімдерінің өзіндік құнының төмендігі,сапасының жоғарылығы арқасында Ыстанбұлдағыұқсас өнімдер арасындағы көшбасшылардың бірі болып танылған. Бүгінде компанияда 10-ға тарта адам жұмысістейді. Ендігі жоспар - Алматыда филиал ашу. Диаспора өкілдерімен іскерлікбайланысты дамыту туралы жаңалықты Севенчан мырза зор қуанышпен қарсы алды.Оның айтуынша, этникалық қазақтардан шыққан көптеген бизнес өкілі іскерлікбайланыс орнатуға және жаңа рынокты зерттеуге мүдделі.

Бұдан кейін делегация киім мен оның ерекшеліктерін, сумкалар және портфельдердіәшекейлеумен айналысатын компанияға барды. Компанияны қазақ диаспорасыныңмүшесі, Түркияда туған Омер Чорухлубасқарады. Компанияның өндірістік қуатымол және өнімдерін АҚШ, Еуропа, Эфиопия, мен ТМД елдеріне шығарады. Компания Қазақстан қалаларының бірінде өкілдігінашуға қазірдің өзінде дайын. Делегация сапарынҚазақстан нарығына шығуға мүдделі, күртеше, тон, тұлып тігумен және сатуменайналысатын Түркияның азаматы, отандасымыз Мұстафа Акюздың кәсіпорныментанысумен аяқтады. «Делегация өкілдері отандастардыбизнесті дамытуда және жүйелі негізде берік іскерлік байланыс орнатуда мүмкіндігіншеқолдау болатынына сендірді. Басты міндеті Қазақстанмен қатар шет елде бизнес жобалардыіздеу және дамытуға көмек көрсетуге бағытталған «Атамекен» іскерлік үйін құружобасы туралы айтты. Ұйымдастырушылардың ойластыруы бойынша дүниежүзілік Қазақүйі құрамына кіретін жоба саясат пен коммерциядан тыс болады», - делінгенқордың баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар