«Отандастар қорының» ресми порталы іске қосылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отандастар қорының» ресми веб-порталы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде oq.gov.kz сілтемесінде Қордың ресми веб-порталыіске қосылды. Портал арқылы сіздер қолға алған жобаларымыз, атқарған жәнеатқаратын істеріміз, өткізген және өткізетін шараларымыз, оралмандарға қажеттізаңдық ақпараттар, біз көрсететін қызметтер жайлы, жалпы оралмандар, шеттегіқандастар, отандастарға қажетті мәліметтермен таныса аласыздар.Қоғам талқысынашығарылатын қоғамдық мониторинг пен диаспоралды саясат мәселесін, Қор жұмысыныңқоғамдық тыңдалымын талдайтын қоғамдық комиссия жұмысы туралы ақпаратты да осыжерден табасыз», - деп жазады «Отандастар» қорының бірінші вице-президент Талғат Адуовөзінің facebook парақшасында.

Қазір порталда оралмандарға көрсетілгенкөмек жайында статистикалық мәлімет бар. Болашақта оның саны артпақ.

«Біз порталға Қордың өңірлік филиал басшыларының жекекабинетін енгіземіз. Отандастар сол жерге электронды тіркелу немесе komek@oq.qov.kzарқылы басшылыққа өз сұрағын қоя алады. Мәселенің шешілу барысын порталдансұрақ қоюшымен қатар орталықтағы басшылық та бақылай алады», - дейді Т.Адуов.

Ақпарат әзірге техникалық режимде толтырылып жатқан, заманауи талапқа сай жанжақты жасақталған портал - қызықты да қажетті ақпараттары, сервистері,бөлімдері мен бөлімшелері бар байланыс алаңы болмақ.

Айта кетсек, «Отандастар» қоры Елбасы Н. НазарбаевтыңДүниежүзі қазақтарының V құрылтайында шетелдегі қазақтарды қолдау бойыншаберген тапсырмалары және ҚР Үкіметінің 2017 жыл 13 қазандағы «Отандастар Қорыкоммерциялық емес акционерлік қоғам құру туралы» №644 қаулысы негізіндеқұрылған. ​

Қор мақсаты оралмандарға, шет елде тұратынэтникалық қазақтарға, сонымен қатар шет елдерге тұрақты қоныс аударғанотандастарға жан жақты қолдау көрсету. Бүгінде Қор осы мақсатты жүзеге асыруүшін диаспоралды саясат, диалог алаңы, бейімделуге көмек, білім саласындағаламдық бәсекелестікке бейімделген мамандарды дайындау, қазақ мәдениетінілгерілету, бизнес пен инновацияны дамыту, қазақтардың біртұтас ақпараттықинтернет қоғамдастығын құру, шетелдік серіктестер және жергілікті атқарушыоргандармен жұмыс, қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығы жұмысын жандандырутәрізді тоғыз бағытта жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар