АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Семей» және «Қайрат» клубтарының футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңнің төртінші тобындағы ойын кестесі белгілі болды. Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің ойындары 22-27 қазан күндері Алматы қаласында өткізіледі.
Айта кетсек, әрбір топтан үш үздік команда жарыстың элиталық кезеңіне шығады.
Қазақстандық команда Чемпиондар лигасында биыл қаңтар айында 20 мәрте бақ сынады. Бұл Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.
Сондай-ақ алматылық клуб 2012/2013, 2014/2015 жылдарда аталған турнирде жеңімпаз атанған еді. Ал, семейлік клуб еурокубок ойындарында алғаш рет сынға түседі.
Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі:
22 қазан
«Семей» - «Спортинг» (Португалия)
«Қайрат» - «Халадаш» (Венгрия)
23 қазан
«Халадаш» (Венгрия) - «Спортинг» (Португалия)
«Қайрат» - «Семей»
25 қазан
«Семей» - «Халадаш» (Венгрия)
«Қайрат» - «Спортинг» (Португалия).
Еске салсақ, футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Тәжікстанды жеңді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.