«Отандық кәсіпорындарды қолдау аясында келесідей заңнамалық өзгерістер пысықталуда. Бірінші - ірі тапсырыс берушілердің отандық тауарлар мен қызметтерді пайдалану бағдарламаларын бекіту және ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк келісімшарттар жасасу міндеттемелерін белгілеу. Екінші – мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін құрылыс жұмыстарында отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолдануды бақылау комиссиясын құру. Үшінші – жаңа өндірістік нысандар құрылысы барысында отандық тауар өндірушілерден материалдар мен жабдықтарды сатып алу бойынша міндеттемелерді белгілеу», - деді Қанат Шарлапаев.
Сонымен қатар ол өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қолдап, толық жүктеу жұмыстары жалғасып жатқанын және министрліктің тұрақты бақылауында болатындығын атап өтті.