Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпорындарға бұл шикізатты әлемдік биржаларда белгіленген бағадан 5%-ға дейін төмен, ал экспорттық бағадан 50%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігі берілді.
— Нәтижесінде еліміздегі қайта өңдеу қарқыны артқан. Бастапқы алюминийді тұтыну 35%-ға өсіп, 77,7 мың тоннаға жетті. Мырышты тұтыну 45%-ға өсіп, 2,6 мың тоннаны құрады. Катодты мысты тұтыну 10%-ға артып, 20,4 мың тоннаға жетті, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі іске қосылып, өндірістік қуаттарды цифрлық верификациялау арқылы 6 946 жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның мәртебесі расталды. 1,1 мыңнан астам жалған жеткізуші тізілімнен шығарылды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан шикізатты өңдеуге бет бұрғанын жазғанбыз.