Биылғы жылдың 27 мамырынан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент — Мюнхен бағыты бойынша Германияға жаңа бағыт ашуды жоспарға енгізді.
Рейстер аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) орындалады. Қазақстан мен Германия арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 11-ден 14-ке дейін артады.
Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.
Еске сала кетейік, бұған дейін тағы бір отандық әуе компаниясы наурыз айында қосымша рейстерді іске қосатынын хабарлаған едік.