Провинция губернаторы Сюй Куньлинмен кездесуде министр өңірлендіру қағидатын іске асыру аясында әкімшілік пен бизнес өкілдерінің бірлескен жұмысы оң нәтижелер көрсетіп отырғанын атап өтті.
Биыл тауар айналымының серпінді өсуі жалғасуда.
2024 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР арасындағы өзара сауда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға өсіп, $16,8 млрд құрады.
Үстіміздегі жылдың 7 айында Қазақстан мен Цзянсу провинциясы арасындағы тауар айналымы $723,3-тен $1 758,1 млн-ға дейін 2,4 есе өсті.
Министр орта есеппен алғанда жыл сайын Цзянсу $266,8 млрд астам сомаға өнім импорттайтынын атап өтті, бұл — негізінен өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы тауарлары.
Осыған байланысты, Қазақстан провинцияның критикалық импортының көптеген позициялары бойынша сапалы жеткізілімдерді қамтамасыз етуге дайын.
Өз кезегіндн Губернатор Сюй Куньлинь Қазақстанмен стратегиялық ынтымақтастықты толық қолдайтынын, бұл үшін Нанкин қаласында Қазақстанмен сауда мен инвестицияларды дамытуды күшейтуге ықпал ететін инфрақұрылым салынғанын атап өтті.
Одан әрі қазақстандық делегация провинция әкімшілігінің және Jiangsu SOHO Holdings Group Co. қолдауымен бой көтерген «Орталық Азия-Цзянсу» сауда орталығының ашылуына қатысты.
Салтанатты шараға Нанкин қаласы мен провинция басшылығы, қазақстандық бизнес пен квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысты.
Көпқабатты орталық — Орталық Азия елдерінің компанияларын орналастыру және олардың жұмысы үшін көп функционалды платформа.
Орталықтың ашылу салтанатында қонақтарға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан экспорттық өнімдері бар көрме павильоны таныстырылды.
«Бүгін бұл алаңда 50-ге жуық қазақстандық компания өз өнімдерін ұсынды. Бұл сатып алушыларға қазақстандық өнімдермен жеке танысуға мүмкіндік береді. Әрине, осы алаңда өз өнімдерін таныстыра отырып, Қытаймен тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік болады», — деді Арман Шаққалиев.
Орталықтың алаңында бір сағат ішінде Douying платформасындағы қазақстандық азық-түлік өнімдері нақты уақыт режимінде $15 мың сомаға сатылды.
QazTrade шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық институт пен SOHO компаниясы «Бірлескен орталық туралы» келісімшартқа қол қойылды.
Келісімшарт шеңберінде ұлттық компаниялар, қаржы институттары және бизнес қоғамдастықтарының орталықта орналасу жайлы шарттары келісілді.
Орталықтың Цзянсу өңiрiнде дамыған инфрақұрылым есебiнен жұмыс iстеуі Қытай нарығына қол жеткiзудi жеңiлдетедi және өз кезегiнде «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан Орталық Азияның бес елiнiң қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге ықпал етедi.
Тараптар сондай-ақ Астана қаласында баламалы мультифункционалды орталықты іске қосуды талқылады.
Кешенді жоба қытайлық және қазақстандық тауарларды ұсынатын жер ғана емес, мұнда бизнес өкілдері халықаралық серіктестермен келісімшарттар жасасып, іскерлік келіссөз жүргізіп, қаржылық және консалтингтік қызметтер алып, сауда келісімдерін рәсімдей алады.