- Бірінші жарты жылдың қорытындысы бойынша ішкі тауар айналымының көлемі 36,2 трлн теңгені құрап, 15,3 пайызға өсті. Негізгі өсім азық-түлік сегменті есебінен қамтамасыз етілді. Оның өсімі шамамен 30 пайызды құрады. Отандық агроөнеркәсіп өндірушілерінің сыртқы нарықтағы ұстанымдары да нығаюда. Қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша азық-түлік экспорты 34,4 пайызға өсіп, 1,6 млрд АҚШ долларын құрады, - деді А. Шаққалиев.
Оның айтуынша, импортқа тәуелділік төмендеді. Оның үлесі 14,7 пайызға дейін қысқарды.
- Бүгінде Қазақстан ең қажетті өнімдермен ішкі сұранысты қамтамасыз етеді. Күнбағыс майы, ұн, күріш, картоп, пияз, сәбіз, макарон өнімдері, сиыр және қой еті бойынша 100 пайыз қамтылған, - деді министр.
Айта кетейік, Қазақстанда шілде айының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,3%-ға төмендеді.