Премьердің айтуынша, 2027 жылға дейін агросекторда жалпы құны шамамен 2,3 трлн теңге болатын 700-ден астам жобаны іске асыру жоспарланған.
«Бұл Президенттің қайта өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізу тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдері осы жобалардың барлығын қатаң бақылауда ұстап, толық өндірістік қуатына шыққанша сүйемелдеп отыруға тиіс», - деді О. Бектенов.
Үкімет басшысы өнімді экспорттау мәселесінде егіншілерге қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті.
«Агроөнімді сақтау инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын да күшейту қажет. Қазақстандық өнімді жеткізу географиясының кеңейіп жатқанын ескере отырып, жаңа көлік-логистикалық бағыттарды пысықтау керек. Ауыл шаруашылығы, Көлік, Сауда министрліктеріне ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін нығайту бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын», - деді ол.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемін 100 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары ертерек қаржыландырады.
Сондай-ақ, бірінші кезекте шағын қожалықтардан астық сатып алынады.