Отандық селекцияға серпін: жаңа арпа сорты әзірленіп, вируссыз көшет өндірісі дамып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылы селекция мен тұқым шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын жүзеге асыру жалғасып жатыр.

Фото: Үкімет

Аграрлық ғылымның практикалық бағыты, әсіресе, отандық селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту саласында байқалады. 2026 жылы селекция мен тұқым шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын жүзеге асыру жалғасып жатыр. Сортты жасап шығару мен мемлекет тарапынан сортты сынаудан бастап тұқым өндіруге, оны кеңінен жолға қоюға және шаруашылықтарға енгізуге дейінгі дәйекті тізбек қалыптасып отыр.

Биылғы нәтижелерінің бірі ретінде топырақтың құрғап, сортаңданып кетуіне төзімді жаздық «Батырхан» арпасының жаңа сорты жасап шығарылғанын атап өтуге болады. Сорт мемлекет тарапынан жүргізілетін сортты сынаудың одан арғы процедураларынан өту үшін дайындалған. Вирусы жоқ егу материалының өндірісі де дамуда. Наурыз айында Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ мен Оңтүстік Кореяның VITROSYS INCORPORATION компаниясы in vitro технологияларын қолдана отырып, тұқымдық картоп өндіру жүйесін құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Алматы облысында да алма ағашының вирусы жоқ тамыр сабақтарын өсіру үшін база құрылып жатыр. Сәуір айында Нидерландыдан 7 мыңнан астам тамыр сабағы жеткізілді, сонымен бірге еліміздің ішінде де in vitro әдісімен егу материалының өндірісі дамытылуда. Отандық «Апорт» сортын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Вирусы жоқ генетикалық материалдар қалыптасуда, үлгілерді молекулалық-генетикалық сәйкестендіру жүргізілуде және in vitro өсімдіктерді көбейту технологиясы дамып жатыр.

Айта кетелік 69 жастағы бағбан Атырауда 550 түп алма ағашын өсірген