Гранттар мынадай бағдарламалар бойынша ұсынылады:
– бакалавриат – 70 орын;
– магистратура – 20 орын;
– үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы – 10 орын.
Оқыту тілі – тәжік және орыс тілдері.
Грант келесі шығындарды қамтиды:
– тегін оқу;
– ай сайынғы стипендия;
– медициналық қызмет көрсету.
Қалған шығындар, оның ішінде жолақы мен жатақхана ақысы, грант иегерінің есебінен төленеді.
Құжаттардың толық топтамасын қабылдау 2025 жылғы 10 шілдеден 5 тамызға дейін жүргізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Грузияның қазақстандықтарға білім грантын бөлгені хабарланған.