АСТАНА. KAZINFORM — Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Никита Тарнакин Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
Қазақстандық каратэші 84 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Отандасымыз ақтық сында Иордания спортшысы Мухаммед Аджафаримен кездесті.
Нәтижесінде Тарнакин шешуші жекпе-жекте 8:3 есебімен жеңіске жетті.
Бұдан бұрын Қазақстанның үстел теннисінен ерлер құрамасы Ислам ойындарының чемпионы атанғанын жазған едік.
Айнұр Тумакбаева
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түлегі. 2024 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.