АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Бейбарыс Қаблан таеквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Жерлесіміз 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.
Бейбарыс финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Джунёнды сенімді түрде жеңді.
Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.
Бұдан бұрын Таэквондодан жастар әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы анықталғанын жазғанбыз.
Айнұр Тумакбаева
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түлегі. 2024 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.