Отандық тауар өндірушілер тізімі: жалған өндірушілер енгізілмейді
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйеcін біріктіру арқылы цифрлық шешімдер негізінде отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалып жатыр. Толығырақ Үкімет басшысы Олжас Бектенов тоқталды.
— Отандық өндірістің дамуы — экономикалық өсімнің негізі. Мемлекет басшысы аталған бағыттың маңыздылығына ерекше мән беріп келеді. Үкімет қазақстандық тауар өндірушілер бәсекеге қабілетті болуы үшін олардың өндірістік жүктемесін арттыруға бағытталған елшілік құндылықтарды дамыту тетіктерін іске қосып жатыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылдан бастап өңдеуші сектор өнім шығару көлемі жағынан тау-кен саласын басып озды, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Осы орайда Премьер-министр осы қарқынды үдете түсу керектігін айтты.
— Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйеcін біріктіру арқылы цифрлық шешімдер негізінде отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалып жатыр. Адал өндірушілер оған автоматты түрде қосылады. Ал, «жалған өндірушілер» тізілімге ене алмайды. Жаңадан өтініш берушілер қарапайым өтініштің және автоматты цифрлық тексеру негізінде ешқандай бюрократиясыз қосыла алады. Сарапшыларды шақыру мен басы артық тексерулерден өтудің және көп қағаз толтырудың қажеті болмайды. Барлығы цифрлық режимде, адамның қатысуынсыз жүргізіледі, осыны баса айтқым келеді. Бұл сапалы бақылауды қамтамасыз етіп, міндетін адал атқармайтын тауар өндірушілерді анықтауға мүмкіндік береді, — дейді ол.
Бұған дейін Үкімет басшысы қазіргі жүйе сертификатты жалған өндірушілерге беруге жол беріп отырғанын айтып сынады.