Командалық спринт сайысында Кирилл Курдиди, Данияр Шахметов және Дмитрий Рязановтан құралған командамыз 44.328 уақыт көрсеткішін тіркеп, 3-орынға тұрақтады.
Осы сайыс түрінен іріктеу кезеңдері мен финалдық сайыстар бүгін өтеді.
Бұған дейін Қазақстан қоржынына стенд атудан қола түскенін жазғанбыз.