«Атырау мұнай өңдеу зауытында 2,6 миллиард доллардың 3 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Біріншісі, ЭЛОУ-АВТ вакуумдық блогының қуатын арттыруға арналған. Оған 300 миллион доллардың инвестициясы жұмсалады. Екіншісі, 1,2 миллиард доллардың бензол мен арамотикалық көмірсутектер өндіру кешенінің құрылысы жобасы. Үшіншісі, 1,1 миллиард долларға бағаланатын мұнайды терең өңдеу кешені құрылысы жобасы. Ал Шымкент пен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарындағы қайта құру жобаларының техникалық негіздемелері жасалуда», - дейді Әсет Мағауов.
Оның айтуынша, Павлодар мұнай өңдеу зауытына 1,2 миллиард, Шымкент мұнай өңдеу зауытына 1 миллиардқа жуық доллардың инвестициясы тартылмақ. Қазіргі кезде Павлодар мұнай өңдеу зауытының техникалық негіздемесін жасау аяқталудың алдында тұрса, Шымкент мұнай өңдеу зауытында жүргізілген екі техникалық негіздемеге талдау жасалуда. Бұл талдауда 2 технологияның бірі таңдап алынатын болады.
15:36, 24 Наурыз 2011
Отандық 3 мұнай өңдеу зауытын жаңартуға 4 млрд. доллардан астам инвестиция жұмсалады - Ә. Мағауов
АЛМАТЫ. 24 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауытын жаңартуға 4 млрд. доллардан астам инвестиция жұмсалады. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан 6-шы Халықаралық мұнай өңдеу, мұнай химиясы және мұнай өнімдерінің «КazRefinEx-2011» симпозиумында ҚР Мұнай және газ вице-министрі Әсет Мағауов айтты.