Бүгін Астанада басталған Қазақстан Республикасы математика пәні мұғалімдерінің I съезінің ашылу салтанатында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай айтты.
Оның пайымдауынша, математикалық білім беруді көтеру арқылы басқа да ғылым салаларын дамытуға жол ашылады. «Бұл жұмыс тек мектеп деңгейіндегі математикаға ғана байланысты емес, оны кәсіби-техникалық және жоғары білім салаларында да жүргізу қажет. 12 жылдық білім беруге көшу асында осы үрдістің өзектілігі зор. Себебі ол кезде мүлдем басқа әдістемелер, оқулықтар мен бағдарламалық кешендер қажет болады. Осы орайда математика көшбасшылық тізгінді бек ұстауы тиіс», - деп атап көрсетті Б.Жұмағұлов.