«Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаға сәйкес, Үкімет технологиялық бизнес инкубация деген жаңа бағдарлама жасақтады. Бюджеттен 245 млн. теңге бөлініп, біздің инноваторларымызға, өнертапқыштарымызға, ғалымдарымызға қызмет көрсету үшін, олардың жаңалықтарын өмірде жүзеге асыру үшін, нақты экономикаға шығару үшін технопарктерде жүргізіледі», - деді С. Нүсіпов.
Оның айтуынша, Үкімет экономикалық әлеуеті жоғары инновациялық жобаларды таңдап, өндіріске қосқанға дейінгі кезде қаржыландырып отырады. Қазіргі уақытта іскерлік инкубаторларда осындай 30 жоба іске асып жатыр. Олардың көрмесі Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ғимаратында қойылған.
Жалпы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметтері бойынша, жобаға қатысуға 336 өтінім түскен. Оның ішінде 64 өтінім әлеуетті деп танылып, олар мемлекеттік ғылыми-техникалық, экономикалық және экологиялық пысықтакдан өткізілуде.
Технологиялық бизнес инкубация бағдарламасында жобаларды қаржымен қамтамасыз етуден бөлек, шетел мемлекеттерінде және халықаралық патенттік ұйымдарда зияткерлік меншік объектілерін патенттеу ісі қолға алынған.