Бұл жайында бүгін Алматы қаласы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті директорының орынбасары міндетін атқарушы Сәкен Жұманәлі автокөліктерді табыстау салтанаты барысында айтты.
С.Жұманәлі осыдан он жыл бұрын мүмкіндіктері шектеулі жандарға қазақстандық компаниялардың көмек көрсетуіне шақырғандығын, алайда олардың мүмкіндіктері шектеулі болғандығын айтады. «Ол кезде көбінде қаладағы халықаралық ұйымдарға үміт артатынбыз. Бүгінгі жағдай еліміздің азаматтарының санасы өсіп, Мемлекет басшының саясатын қолдап, сол тұрғыда атқарған еңбектерінің нәтижесі деп білемін», - дейді С.Жұманәлі.
Сонымен қатар ол осы жылдың 16 мамырынан бері қаламызда мүгедек жандар үшін "Инва" таксиі жұмыс істеп жатқандығын жеткізді. Қазіргі уақытта арнайы жабдықталған 6 шағын автобус жұмыс істеп тұрса, тағы екеуі қосымша қорда тұр екен. Осы күнге дейін бұл автобустар 2 мыңнан аса бағытта жүргіншілерді тасымалдап үлгерген.
"Қала бюджетінен мүгедек жандардың қажеттілігін өтеу үшін биыл 19 миллион теңге бөлінсе, келесі жылға 60 миллион теңгеге тапсырыс бердік. Қаламызда қазір 1500-нан аса мүгедек жандар бар. Бұл «Инва» таксилер тек 1-топтағы мүгедектерді қаланың кез-келген жеріне тегін апарады. Басқа топтағы мүгедектердің қалалық қоғамдық көліктерде жүріп тұруына жеңілдіктер жасалған", - деп атап өтті аталған департамент директорының орынбасары.