деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Еліміздің дағдарыстан кейінгі дамуының жаңа бағдарламасында отандық құрылыс материалдарының өндірісін кеңейту, ипотека мен жылжымайтын мүлік нарығын қайта құрылымдау маңызды пункттер мен басымдықтардың бірі болып табылады. Яғни, құрылыс секторы мемлекетті дамытудың негізгі салаларының бірі болып қала береді», - деді форумда Елбасы.
Осы орайда Президент қалалар мен елді мекендердегі халық санының өсуі проблемасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік айналма жолдарын салу сынды мәселелермен бірге кешенді түрде шешілуі тиістігін атап көрсетті. «Осы орайда қала құрылысын салушыларға айрықша үміт жүктеліп отыр. Сіздер, бұл дүниелерге өз үлестеріңізді қосатындарыңызға сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы. Елбасы сәулетшілер мен құрылысшыларды құрылыс материалдарын қолдануда заманауи және экономикалық әдістерді қолдануға шақырды.