Отандық медицина балмен емдеуге көшеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандық медицина балмен емдеуге көшеді, деп жазады КТК.

Араның балы - тек тәтті тағам емес, таптырмас ем. Балмен емдеу терапиясын дамыту мәселесін білікті дәрігерлер талқыға салды.

Емнің бұл түрі көптеген елдерде бір ізге салынған. Әсіресе, Украина мен Ресейде. Бұл елдерде орта есеппен әрбір адам жылына 2 келі бал жесе, біздегі тұтыну адам басына шаққанда небәрі 40 грамнан аспайды. Бал - дәрі-дәрмек ішуден гөрі әлдеқайда тиімді табиғи ем, әрі адам ағзасына зиянсыз, дейді дәрігерлер. Мұны көбінде асқазан, ішек, жүйке, өкпе ауруларында жиі пайдаланатын көрінеді. Әзірше, атитерапия орталығы елімізде тек Алматыда ғана бар.

«Біз ауырған кезде дәрімен бірге түрлі қоспаларды ішеміз. Ол дұрыс емес. Мысалы, бір араның өзіннен 7 түрлі өнім шығады. Онымен жыл бойы жүйелі түрде тамақтанатын болса, онда адамда инфаркт болмайды. Инсульт болмайды. Оның жүйкесі жақсы істейді. Асқазаны жақсы жұмыс істейді», - дейді Қазақстан омарташылары ұлттық одағының вице-президенті Ғабит Нұрәділ.