Отандық мұнай сервисін дамыту мәселелері бүгін Үкімет отырысында талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі кезекті отырысы өтеді, деп хабардайды primeminister.kz.

Отырыста ҚР Үкіметі мүшелері отандық мұнай сервисін дамыту бойынша шараларды, жекешелендіру, мүлікті жария ету бойынша акцияларды өткізу барысын талқылайды және республика бойынша астық жинау жұмыстарын қорытындылайды.    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көруге болады.

Сонымен қатар, отырыс қорытындысы бойынша Үкімет мүшелерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.