«Металлургия өнеркәсібінде осы жылы отандық өңдеу өнеркәсібін шикізатпен толық қамтамасыз ететін реттеу тетігін бекіту жоспарлануда. Экспорттық әлеуеті жоғары тауарлар мен қызметтерді жеделдету бағытында жаңа жоба іске қосылды», - деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-премьердің атап өтуінше, 2021 жылы «Экспортты жеделдету» бағдарламасы аясында 130 жаңа қатысушы сыртқы нарыққа шығарылады.
«Жалпы алғанда бұл іс-шаралар кешені индустриялық саясатты тиімді іске асыруға ықпал етіп, Жолдауда айтылған өңдеу өнеркәсібі экспортын 1,5 есе арттырып, 24 миллиард долларға жеткізуге, сонымен қатар 2025 жылға қарай еңбек өнімділігін 30 пайыз өсіруге бағытталған», - деді Роман Скляр.