Отандық өндірушілерді қолдауға басымдық береміз - СҚО кәсіпкері
«Жолда тұрған қиындықтарға қарамастан, мемлекет бүгінде елде бизнесті қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар белсенді жүзеге асуда. Оның сондай қатысушыларының бірі біздің компания, бұл «Бизнестің жол картасы-2020». Бұл бағдарламаның посткеңестік кеңістікте аналогы жоқ», - деді А. Исаков.
Бүгінде Қазақстанда шағын және орта бизнес үшін әкімшілік тосқауылдар жойылуда. Мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, білім беру саласы жетілу үстінде. Барлық осы шаралар кәсіпкерлікті дамытуға қуатты серпін беруде, яғни мемлекеттің азаматтарға деген қамқорлығы ерекше. «Біз, жергілікті бизнес өкілдері ретінде нарықта өз ұстанымымызды қорғауымыз қажет. Біздің басымдығымыз отандық өндірушілерді қолдауға негізделуі тиіс. бір ай бұрын СҚО-дағы ең ірі жаңа сауда орталығын аштық. Біздің гипермаркетте қазақстандық өнімдер бар, сауда орындарының ең жақсы жерінде үстеме бағасы төмен отандық тауарлар орналасқан», - деді кәсіпкер Исаков. Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы стратегияның үш ең негізгі пайымын ұсынды. Бұл өсім, реформа, даму. Оған жаһандық экономиканың теріс құбылыстарын еңсерудің нақты шаралар жоспары негізделді. Әрқайсымыз осыны сезініп, қойылған міндеттерді іске асыруға жеке үлесімізді қосуымыз қажет.
2015 жылғы 1 қарашада Кәсіпкер Исаков Петропавлда алғашқы сауда-көңіл-көтеру орталығын ашты. Онда алуан түрлі отандық және шетелдік тауарлар мен азық-түлік өнімдері, балаларға арналған көңіл көтеру орталығы, мейрамхана, өндірістік цех орналасқан гипермаркет бар. Бұл жобаны іске асыру үшін 250 жаңа жұмыс орны ашылды.