26 қыркүйекте Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі CORMATEX S.r.l. және KAZAKH INVEST ҰҚ АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
«Жобаны KazFeltec ЖШС қазақстандық компаниясы итальяндық инвестор Cormatex-пен бірлесіп іске асыратын болады. Ол қаржы құюдан басқа, кәсіпорынды итальяндық технологиямен және жабдықтармен қамтамасыз етеді. Жобаның құны 10 млн долларға бағаланады, оның 70 %-ын қарыз сомасы құрап отыр», - деп хабарлады АШМ.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда жүннің 70%-ға жуығы кәдеге жаратылады. Жаңа жобаның ашылуы мультипликативті әсерге ие болады, соның арқасында қазақстандық мал өсірушілер малдың жүні мен терісін сатып, пайда таба алады.