Бұл туралы бүгін ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған судьялардың кеңейтілген отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров мәлім етті.
Оның хабарлауынша, Жоғарғы сот органдары тарапынан аудандық және оған теңестірілген сот үкімдерінің күшін жою көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда, тек 0,1 пайызға ғана төмендеп, 0,5 пайызды құрады. Бірақ азаматтық істер бойынша бұл көрсеткіш 0,2 пайызға көтеріліп, 0,6 пайызға тең болды. «Жалпы, бірінші жартыжылда біз 345 мың азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істердің өндірісін аяқтадық. Республикада сотталғандардың саны 4974 адамға азайып, бас бостандығынан айрыу жазасын қолдану көрсеткіші де төмендеді. 2010 жылдың алғашқы алты айында бас бостандығынан айырылған азаматтардың саны 7533 адам болса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 5734-ке дейін түсті. Бұл жалпы сотталғандардың 40,8 пайызын құрап отыр», - деді Б.Бекназаров.