Отандық тауар өндіруде қазақстандық құрам үлесі артады ? Жамбыл облысы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таяуда Шымкентте өткен тауар, жұмыс және қызметті сатып алу кезінде қазақстандық құрам үлесін дамытуға қатысты аймақтық мәжілістің қорытындысы бойынша,

«Бес батыл қадам» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ел Президенті мен Үкіметтің тапсырмасын орындау үшін Жамбыл облысында өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық туралы бірқатар көпжақты меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Кәрім Көкірекбаевтың айтуынша, осы өңірде қазақстандық құрам үлесін арттыру және минералдық тыңайтқыштарға қажеттілікті қанағаттандыру жөнінде мақсатты жұмыстар қолға алынған. Осы жылғы ақпанда өткен қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетудің жалпыұлттық форумында Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» холдингі және «Қазфосфат» ЖШС арасында 5,1 млрд. теңге сомасына ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді минералдық тыңайтқышпен қамтамасыз ету жөнінде меморандумға қол қойды.Тараз металлургия зауытының биылғы жылғы сатып алу көлемі 3,6 млрд. теңгені құрайды, оның ішіндегі 80 пайызы немесе 2,9 млрд. теңгеге қазақстандық өндірушілердің өнімдері сатып алынбақ.Бұдан басқа, «Қазфосфат» ЖШС мен Жамбыл облысының әкімдігі 12,9 млрд. теңгеге келісімшарт жасасты.