Отандық телеарналар көрермен үшін бірлесіп күресетін болады!

АСТАНА. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат - Телеарналардың басшыларымен мәжілісте Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі және Қазақстандық телехабар таратушылар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның мақсаты, Қазақстандық имиджді алға бастыру, сонымен қатар, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге және жалпы телеарналардың әлеуметтік жауапкершілігіне бағытталған, деп хабарлады ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында отандық телеарналарды дамытудың негізгі мәселелері, қазақстандық телеарналардың бәсекеге қабілеттілігі, сонымен қатар, телеарналардағы эфирде тілдік тепе-теңдікті қадағалау, мемлекеттік тілдегі сапалы контентті арттыру және Интернет арқылы өз өнімдерін алға бастыру мәселелері талқыланды.

Ақпараттық кездесудің басты себебі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі және Қазақстандық телехабар таратушылар арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды. Осы құжат, әлеуметтік жауапкершілік мәселелері жөніндегі Қазақстандық теле-радио таратушылардың ынтымақтастығын көрсететін тұңғыш келісім. Меморандумға қатысушылардың барлығы Қазақстан имиджін алға жылжыту, өсіп келе жатқан жас буынның рухани-адамгершілік тәрбиесіне назар аудару, сондай-ақ, әлеуметтік-бағыттағы контентті эфирде тарату міндеттерін өздеріне қабылдады, ал Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі өз кезегінде Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына олардың көрермен үшін күрестеріне қолдан келген көмегін көрсетуге тілек білдіруде.

Кездесу барысында телевизиялық эфирлердегі тілдік тепе-теңдікті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев министрліктің тіл мәселесіне қатысты заңнаманы сақтау мәселесіне баса назар аударатындығын және туындаған жағдайды дұрыстайтынын, сол себепті, мемлекеттік тілдегі сапалы телевизиялық контенттің эфирге шығуын телеарналардан күтетіндігін еске салып өтті.

Бұл мәселеге қатысты пікірталас барысында бірнеше ой пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Мәселен, «Шаһар» телекомпаниясының бас директоры Қуат Домбай тілдік тепе теңдікті сақтау барысында, отандық хабар таратушылар тек қана орыс тілді контентті тарататын кабелді операторлармен тең емес жағдайларға тап болады деген ойын білдірді.

Кеңес отырысына басқа да қатысушылардың пікірінше, қазақ тілді контент көрермендер арасында танымалдылыққа ие емес, сонымен қатар, телеарнаның рейтингісін төмендетеді. «КТК» арнасының бас директоры Арман Шураев мұндай көзқараспен келіспейтіндігін айтты. Оның ойынша, «мәселе ешкім көрмейтіндігінде емес, мәселе сапалы контент жасамайтындықтарында». Арман Шураев мырза мысал ретінде, қазақ тілінде жоғары танымалдылыққа ие өзінің бірнеше бағдарламаларын келтірді.

Кездесу соңында Асқар Жұмағалиев таратушылар тарапынан ерекше назарға ие болуы тиіс қазақ тілді телевизиялық контент сапасының мәселелері екендігін сөз етіп, қатысушылардың барлығына айтылған ой-пікірлер үшін алғыс айтты. Сондай ақ, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрі электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына эфирдегі қазақ тілдің мөлшерін ұлғайтуды ұзартпауға кеңес беріп, бұл мәселе ерекше бақылауда екендігін айтып өтті. Себебі, ай сайын мониторинг жүргізіледі, ол аталған жағдайды сараптауға бағытталған. Сонымен қатар Министр кездесуге қатысушылардың барлығын «Телерадиотарату туралы» заң жобасын әзірлеу үшін бірлескен жұмысқа шақырды.

Кездесу нәтижесі жөнінде толыққанды ақпаратты Асқар Жұмағалиевтің ресми блогынан оқи аласыздар