Отандық ТКШ үшін жаңа мамандар даярланады

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазақстанның тұрғын-үй шаруашылығын жаңғырту жұмысына қажетті мамандар аса маңызды бағыттар бойынша дайындалады.

 Бүгін Астанада өткен конференцияда «Тұран-Профи» халықаралық кәсіптік академиясының ректоры Манен Омаров осылай айтты.

Оның хабарлауынша, осы салаға қажетті мамандар «Көппәтерлі үйлерді басқару» және «Көппәтерлі үйлерге инженерлік-техникалық қызмет көрсету» сияқты жаңа бағыттар бойынша даярланатын болады. Сондай-ақ үйлердің энергия үнемділігін реттеу бойынша арнайы менеджерлерді оқыту жоспарланып отыр.

«Бүгінгі таңда Қазақстанның тұрғын-үй шаруашылық саласына қажетті кәсіби мамандар жетіспейді. Біз осы олқылықтың орнын толтырып, осы салаға қажет мамандарды даярлай аламыз. Академияға қарасты колледждердің техникалық жағдайы жетеді», - дейді М.Омаров.