Отандық зауыттар шетелдік нарыққа инновациялар арқылы шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның металлургиялық компаниялары халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болып тұр. Еліміздің металлургия зауыттары инновациялық технологияларын Мәскеуде өткен «Металл-Экспо-2015» көрмесінде таныстырды, деп хабарлады www.24.kz.

Оған әлемнің үздік деген 32 компаниясы қатысты. Ақтөбенің рельс арқалықтарын шығаратын зауыты өндірісін былтыр бастаған. Бұл - елімізде экологиялық технологияны алғашқы пайдаланушы инновациялық кәсіпорын. Осы көрмеде шетелдік компаниялардың қызығушылығын тудырған тағы бір отандық өндіріс - металлургиялық пештерге сумен салқындатқыш элементтерді құятын технологияны енгізген «Кастинг» компаниясы. Зауыт өз өнімдерімен Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Түркия, Оңтүстік Корея, Англия, Шотландия, Германия мен АҚШ-ты қамтамасыз етеді. «Біздің өнімдеріміз металлургиялық өндірісте сұранысқа ие. Технологиямыз олардың бағасын арзан етіп шығаруға септігін тигізіп отыр. Биылғы жылы біз айына 300 тоннаға дейін алюминий қорытатын өндірісімізді жаңғырттық. Біздің тұрақты жұмыс істейтін тапсырыстарды жеткізушілеріміз бар, айына 150 тонна металл қорытуға келісімшарт жасастық», - дейді «Кастинг» компаниясының директоры Виталий Чевтаев.

«Ақтөбе рельс зауыты» - ол Елбасы тапсырмасымен Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асыру негізінде пайда болған жоба. Бүгінгі таңда біздің өнімге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Грузия, Армения, Әзербайжан секілді елдер қызығушылық танытып отыр. Осы көрме барысында солармен келісім жүргізілді», - деп атап өтті АРЗ маркетинг бөлімінің жетекші маманы Қайрат Дәулет,