«Отанға барар жол»: Шетелдегі қандастарға арналған байқау қалай өткізіледі
«Халықаралық білім беру корпорациясы ХБК Бақылау кеңесінің төрағасы Айғазы Құсайынов атынан ҚР азаматы болып табылмайтын, бірақ ұлты қазақ болатын азаматтар үшін «Отанға барар жол» байқауын жариялайды. Байқау негізінде ХБК бүкіл оқу кезеңіне ішкі гранттар бөледі. «Отанға барар жол» байқауы бірнеше кезеңнен тұрады және онлайн форматта өткізіледі. Негізгі кезеңде, байқауға қатысушылар Instagram әлеуметтік желісінде «Қазақ халқының тарихындағы көрнекті тұлғалар» және «Мен неге Халықаралық білім беру корпорациясына түскім келеді» тақырыптарында бейне-эсселер ұсынады. Ақтық сында қатысушылар онлайн-сұхбаттасудан өтеді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Сонымен қатар ол Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарын осы бастамаға қосылуға, шетелде тұратын және өз туған елімен бірігуге ұмтылған отандастарымызды - этникалық қазақтарды қолдауға шақырды.
«Болашақта, егер еліміздегі 120-дан астам ЖОО-ның әрқайсысы 1 ішкі гранттан бөлсе, тиісінше 120-дан астап талапкер-қандас өз отбасыларымен бірге туған жерінде өз болашағын табуға мүмкіндік алады», - деді Қайыржан Меңдіғалиев.