«Ақшам бітіп жатыр, соңғы 100 доллардай ғана қалды. Банк картамды бұғашттап тастады. Әріптестерім азық-түлікке ақша жағынан көмектесіп жатыр. Кеше азық-түлік алуға бардым. Дүкендер мен сауда маркеттерінде ұзын-сонар кезек. Адамдармен алдымен ең керек нан, жұмыртқа, сүт тағы сол сияқты азық-түлікті алып жатыр. Өзімді үйде ғана қауіпсіз сезінемін, сыртқа шығу қауіпті және қорқынышты», - деді Медина Гумерова.
Отандысымыз елге қайтуда Украинадағы Қазақстанның елшілігінің көмегіне үміт артып отыр.
«Отаныма аман-сау жетем деген ойдамын. Ауыр сапар болайын деп тұр. Өйткені, маған алдымен елшілік ғимаратына жетіп алу керек, ал сыртқа шығу қауіпті. Одан әрі Польшамен шекараға жету керек, ол да оңай емес. Қазір Украинаның барлық аумағында жағдай қиын. Елде болып жатқан жағдай туралы хабарды үзбей қарап, бақылап отырмын», - дейді ол.