Жаңа пакетте отандық 66 теле- және радиоканалдармен қатар, түрлі жанрдағы 11 шетелдік телеарна болады. Пакеттің құны айына 500 теңгені құрайды.
«OTAU TV » пакетіне мынадай телеарналар қосылады: «РТР Планета», «Рен ТВ интер», «Домашний», «СТС», «Мама», «Мульт», «Cartoon Network», «Amedia-2», «Дом кино», «Cinema» және «Bollywood».
Еске салайық, «OTAU TV» спутниктік телеарнасында 66 отандық теле-, радио каналдар хабар таратуда, «Тегін» пакетінде (абоненттік төлемсіз) SD және HD форматтар бар.
Ақылы пакетті қосу үшін қосымша құралдар мен жинақтау жұмыстарының қажеті жоқ.
Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарататын «OTAU TV» қызметі Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша қол жетімді.