АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай билігінің жариялауына қарағанда, жемқорлыққа қарсы тексеру аясында елдің оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының мыңнан астам шенеуніктерінің әйелдері мен балалары шетелде тұратыны анықталды.
Бейжің осындай жағдайлардың жолын кесуге талпынуда және шенеуніктердің отбасыларының шетелде тұрақтауы жемқорлықпен байланысты деп пайымдауда.
ВВС-дің жазуынша, мұндай мемлекеттік қызметкерлер Қытайда «жалаң байлар» деген атауға ие болған көрінеді, себебі олар өз елінде табыстарын жария етпейді. Әшкере болған кейбір шенеуніктер отбасыларын Қытайға оралуға шақырып жатса, кейбірі өздерінің қызметтерінен ысырылған екен.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.