Отбасылық-адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы ақпараттық жұмыстарды күшейту қажет - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Отбасылық-адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы ақпараттық жұмыстарды күшейту қажет. Бұл туралы бүгін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Отбасылық-адамгершілік құндылықтарды нығайту бойынша ақпараттық жұмыстарды күшейту қажет. Қоғамда маскүнемдік пен алкоголизм, темекі шегушілік пен нашақорлық, отбасылық борышқа жауапсыз қарым-қатынас, үлкендерге құрмет көрсетпеу сынды жағымсыз құбылыстарға төзбеушілік ахуалын тұрақты қалыптастыру отыру маңызды», - деді Н.Назарбаев.

Осы ретте Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдарын бұл жұмыстарға белсенді араласуға, нағыз достық пен татулыққа негіделген үлгілі отбасыларды кеңінен насихаттауға белсенді араласуға шақырды.