Отбасылық форум: әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа шаралары

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен «Атамекен» ҰКП-пен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Кәсіпкерлік саласындағы гендерлік саясаттың өзекті мәселелері, аймақтық әлеуметтік бағдарламалар мен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету сұрақтарын талқылады.

Іс-шара келесібағыттарды қамтыды: «Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасын дамыту»,«Отбасы - қоғамның негізі» және «Отбасы қауіпсіздігі».

Барлық қатысушыларды қарсы ала отырып, қала әкімінің орынбасары БақтиярМәкен халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған жобалар туралы айтып берді. Оныңайтуынша, қалалық әкімдік «Жанұя» отбасылық институтын қолдау орталығын құрутуралы шешім қабылдады.

«Бұл құрылымның қызметі өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларғакөмектесуге бағытталған. Білікті мамандар 7 бағыт бойынша кеңес береді: OpenSpace, денсаулық сақтау, білім беру, қол жетімді баспанамен қамту, IKomekбазасында Call-орталық, азаматтарды әлеуметтендіру бағдарламасы» - деді Мәкен.

Халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінің қажеттіліктеріне тоқталған ҚРПарламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова мемлекет барлық мұқтаж адамдарғакөмек көрсетуге тырысып жатқандығын айтты. Оның айтуынша, бүгінде тұрғын үй,білім беру және медициналық қызметтер саласында көптеген жұмыстар атқарылуда:тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылуда, оқыту гранттары көбірек бөлінуде.

Айта кету керек, шара аясында ұйымдастырушылар отбасылардыңәлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге көмектесуге бағытталған ақпараттық-түсіндіружұмыстарын жүргізді.

Форумға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мақсат Сқақов,Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау біріншівице-министрі Ержан Жылқыбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдерістері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияныңмүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғамдықпен үкіметтік емес ұйымдар. және Нұр-Сұлтан қаласының отбасылары да қатысты.

Соңғы жаңалықтар